Аталмыш жарыста ауданымыздың намысын үш спортшы–Ерасыл Дауытбекұлы, Бақтияр Марат және Азат Нүсіпхан қорғады.
—Алғаш рет залға келген кезде бұндай жетістіктерге жетемін деп ойламаған едім. Көп тер төктім, жаттықтырушыммен аянбай еңбек еттім. Міне, бүгін соның нәтижесін көріп отырмын. Енді келесі жарыстарта кеткен кемшіліктерді ескере отырып, қызу дайындығымды жалғастыратын боламын.–деді, муай – тай спорттық жарысының жеңімпазы Бақтияр Марат.
Күш пен жігерді талап ететін спорт түрін жаңға серік еткен спортшылардың байрақты додада бой көрсетуіне септігін тигізіп жүрген бапкер Асан Шәкеновты айтып өтпеске болмас.
—Еліміздің барлық аймағынан жиналған жастарымыз бақ сынаған муай–тай жарысында өрендеріміз үздік атанды. Әрине, жарыс болған соң, бәсекелестік жоғары болды. Соған қарамастан жастарымыз жарады. Әрқайсысы ерекше өнер көрсетіп, ауданымызға 2 алтын, 1 күміс медалін қоржынға салды. Бұл біз үшін үлкен жетістік.–деді, жеңімпаз өрендердің бапкері Асан Шакенов.
Касиет Арстан,
Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметі
#Qazaqstan30
#qazaqstan30jyl