Алакөлде өрт сөндіру депосы және құтқару станциясының құрылысы басталды

Ақтоты Жапатова 11 июл. 2025 16:10

Алакөл жағалауында өрт сөндіру депосы мен құтқару станциясының құрылысы басталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz 

Құтқару станциясының құрылуы Алакөл аймағындағы туристер мен жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаңа нысан өрт қауіпсіздігі мен құтқару қызметтерін жедел үйлестіруге, қажетті техника мен мамандарды тартуға септігін тигізеді.

Екі жобаның құрылысының басталу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов қатысып, бұл бастаманың жағалау инфрақұрылымын дамыту мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам екенін атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости