"Актер адаммын": Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі тосын мәлімдеме жасады

Азамат Қойшығара 02 февр. 2024 12:14 47822


Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали Берікқалиұлы күдікті Нұрболат Дәкебаевты кешіруге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Ол өзі туралы қате ойлап жатқандар бар екенін алға тартып, күдіктіні кешіруге әзір екенін айтқан



"Бір таяқ жеп, хайп ұстап жүр деп ойлайтындар табылуда. Бірақ Tik-Tok парақшамды бұрыннан жүргіземін. Жедел жәрдем жүргізушілігінен бөлек, актер адаммын. Бәріміз де пендеміз. Алла бәрін кешіреді. Алланың алдында пендеміз. Біз де кешіреміз. Соттатамын, оны түрмеге отырғызамын деген сөз айтқан жоқпын. Қазақ еліміз аман болсын", - дейді зардап шеккен медицина қызметкер.



Денсаулығына қатысты айтқан жүргізуші бәрі сәтімен жазылып келе жатқанын атап өтеді.



"Мұұрынға жасаған бірінші отам сәтті өтті. Енді екіншісі бар. Әрбір қазақ жалғызым. Дұрыс жағынан түсінейік", - дейді Төреғали.



Айта кетейік, бұған дейін күдікті Нұрболат Дәкебаевтың кешірім сұраған видеосы пайда болды



Рекомендовать
Последние новости