"Air Astana - ең арзаны". Отандық 10 компанияның нарықтық құны жария болды

Кәмшат Тілеухан 26 дек. 2024 15:41 560

Қазақстан миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS QazTrading) 25 желтоқсандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша биржалық индекстерге сүйене отырып, отандық 10 компанияның нарықтық құнын есептеп көрді, деп жазады Dalanews.kz.

Индекстелген компаниялардың жалпы құны 57,3 млрд долларды құрады.

Талдауға сәйкес, нарықтың 91.5%-ы мына үздік төрттікке тиесілі: Kaspi, ҚазМұнайГаз, Қазатомөнеркәсіп және Halyk Bank.

Kaspi - Қазақстанның ең қымбат жария компанияларының бірі, құны - 20 млрд доллар. Kaspi Halyk-тан 3,8 есе қымбат. 

"Біріншіден, бұл Halyk акциялары LSE-ге ұсынылса, ал Kaspi-дікі одан өтімді биржа - NASDAQ-та саудалануында болса керек. Екіншіден, инвесторлар Kaspi-ді Halyk-тан қарағанда банк емес, финтех ретінде қабылдайды", делінген QAMS QazTrading-тің Telegram арнасында.

ҚазМұнайГаз - шамамен 17,5 млрд доллар, Қазатомөнеркәсіп - 10 млрд долларға жуық және Halyk Bank - 5,2 млрд доллардан асады. "Қазақтелекомның" еншілесі - Kcell бас компанияға қарағанда 1,5 есе "қымбаттырақ". Ал Air Astana (AIR) әуе тасымалы нарығында көшбасшы болғанымен, бірақ KASE-де ондай беделге ие болмай шықты.

"Ол - Қазақстандағы жария компаниялар арасындағы ең арзаны (шамамен 560 млн доллар), халықаралық нарықтардың стандарттары бойынша шағын капиталдандыру деңгейіндегі компаниялар қатарына жатады", - дейді сарапшылар.

Жаһандық Big Tech Қазақстан бюджетіне 70 млрд теңге салық төлегенін, олардын арасында Alibaba, Aliexpress, Apple Google, Huawei, Netflix, Pinduoduo, Temu да бар екенін жазғанбыз

 


Рекомендовать
Последние новости