АЭС салуға қатысты референдум 2023 жылы өтеді – ОСК

Dalanews 07 сент. 2023 03:42 1140

ҚР Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қазақстан АЭС салу бойынша референдумды биыл өткізуге дайын екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы ОСК өкілі Шавкат Өтемісовке сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

– Референдум бойынша мәселе әлі шешілген жоқ. Бірақ оның өткізілетіні, нақты уақыты кейін анықталады. Бүгінде дайындық жұмыстары, сайлаушылар тізімін түзу жүріп жатыр. Жұмысты біздің аумақтық сайлау комиссиялары жүргізуге тиіс. Біз дайынбыз, – деді ОСК өкілі Шавкат Өтемісов Мәжіліс кулуарында.

Өтемісов референдумның нақты уақытын "белгісіз" деп айтпады. Ол ОСК референдумды 2023 жылы өткізіп үлгеретінін мәлімдеді.


1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында қоғамда қызу талқыланып жатқан атом электр станциясын салу мәселесін "референдум арқылы шешкен дұрыс" деп мәлімдеген.

Қазақстан билігі АЭС бойынша түпкілікті шешім қабылдаған жоқ. Ал кейбір экологтар "билік станция салу мәселесін баяғыда халықсыз-ақ шешіп қойған, енді тек көзбояушылық арқылы халықпен санасқандай кейіп танытып жатыр" деп жуырда Үлкен ауылында өткен жария талқылауды меңзеген.

 

Рекомендовать
Последние новости