Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 90-шы мерейтойлық маусымын ашады

Dalanews 07 сент. 2023 06:22 1648

2023 жылы 9 және 10 қыркүйек Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының тарихқа толы 90-жылдық мерейтойының ашылуы көзделуде.  

1934 жылы алғаш шымылдығын ашқан Абай атындағы ҚазҰОБТ шағын музыкалық студиядан бастау алып, Еуразия кеңістігіндегі ең үлкен театрға айналып, ұзақ жолды бастан кешті, сол себептен де «Қазақ өнерінің қара шаңырағы» деп аталуы бекер емес.

    Театр маусымын 9 қыркүйек сағат 18.00-де дәстүр бойынша әдеттегідей Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсымен  ашпақ. 


Басты партияларды ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Күзембаев, Венера Алпысбаева, Нұржан Бажекенов, Болат Бөкенов сомдайды.

Ал, 10 қыркүйек сағат 18.00-де классикалық биік өнерінің символы П. Чайковскийдің «Аққу көлі» балеті көрермен назарына ұсынылады. Басты партияларды Абай ат. ҚазҰОБТ жетекші балет әртістері Малика Елшібаева, Нелсон Пения, Азамата Асқаров сомдайды.

Мерейтойлық маусым мәдени өмірдегі қызықты әрі маңызды оқиғаларға толы болады. Көрермендерді бірқатар премьералар, фестивальдар мен гастрольдер күтуде.



Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры - Қазақстанның ұлттық қазынасы мен мақтанышы, Қазақ опера және балет өнерінің алтын бесігі еліміздің және халқымыздың тарихының алтын шежіресіне мәңгілікке енді, өйткені дәл осы театрдың құрылуы қазақ музыкасындағы көптеген музыкалық жанрлардың дамуына, композиторлық, вокалдық, орындаушылық, хореографиялық жанрлардың құрылуына қуатты түрткі болды. Ал театр ғимаратының құрылысы ұлттық архитектураның дамуында жаңа көкжиектер ашты.

1934 жылдың 13 қаңтарында ашылған алғашқы күндерінен бастап ол қазақ халқының үздік дәстүрлерін сақтайтын халыққа қолжетімді музыкалық – сахналық алаң ретінде қалыптасты.  90 жылдық тарихында театрда 300-ден астам шығарма қойылды. Бұл қазақ опералары мен балеттерімен қатар, орыс, батыс Еуропа опера классиктерінің жауһарлары.


Корифейлер салған дәстүрлерді сақтау және көбейту-біздің басты міндетіміз. 21-22 қазанда театр Сыдық Мұхамеджановтың «Жұмбақ қыз» эпикалық операсының тұсаукесерін ұсынады, ол 1971 жылы сахнада алғаш рет қойылған спектакльдің жаңа бағыттағы  жаңғыруының бір түрі болып табылады.

Операның либреттосы қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің "Көкшетау" поэмасының бейнелерінен шабыт алып, ХVІІІ ғасырдың ортасында қазақ жерінде болған аңызға айналған тарихи оқиғалар туралы баяндайды. Бұл тұтқын-қалмақ қызы Нәзік пен қазақ батыры-ақын Адақтың жан түршігерлік, махаббатының тарихы.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры жаңа маусымның ашылуына дайындалып, өзінің көрермендерін күтуде!

БАҚ өкілдерінің аккредиттелінуі міндетті. Орын саны шектеулі болғандықтан алдын-ала тіркелулеріңізді сұраймыз!

Тіркелу 8 қыркүйек сағат 18.00-де аяқталады.

Тіркелу номері: +7 778 969 70 80 Сымбат.

Баспасөз - қызметі:

Ченцова Екатерина +7 777 272 41 81; Иманғалиева Сымбат +7 778 969 70 80.

 

Рекомендовать
Последние новости