Адвокат Жигули Дайрабаев пен Әблязов қалай сыбайлас болғанын жайып салды

Көркем Алдабергенова 10 сент. 2024 15:58 5894

Адвокат Тұрсынбек Кәріпбай мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев Мұхтар Әблязовпен сыбайлас болғанын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Адвокат Дайрабаевқа қатысты жер дауы туралы әңгімелеп берді. 

"Мен халықпен жерді қайтаруға көмектесемін деп келісімге отырдым. Ол кезінде халықтың 1991, 1992 жылдан 2000-жылдарға дейін алған жерлері. 2004 жылы Дайрабаев Kazexim-Победа, Kazexim-Кеңес, Kazexim-Жарас, Kazexim-Мерке, Kazexim-Бірлік деп бес ұйым ашқан. 174 адам Kazexim-Кеңеске жер өткізіп, Дайрабаев түскен кірістен пайдасын бөліп береміз деп, жерді алған. Жигули Дайрабаев компания төрағасы болған. Осылайша жүздеген адаммен келісімге отырған", - дейді адвокат Алмасбек Садырбаевқа берген сұхбатында.

Тұрсынбек Кәріпбайдың сөзінше, жалпы 469 адамның жері Жигули Дайрабаевтың қарамағына өткен.

"Құжаттарда Жигулидің қолы тұр, онда 25 пайыз үлес беретіні де жазылған. 469 адамның қолында мемлекеттік акті құжаты болған. Алайда ол Дайрабаевтың қолына түскеннен кейін жоқ болған. Сол кездегі Меркі ауданының әкімі 2004 жылы 31 желтоқсанда халықты жер құзырынан айырып, қаулыға қол қояды. 10 700 гектар жерді бес ұйымға беріп жібереді. Осыдан кейін Дайрабаев не істейді? Ол 2005-2006 жылдары сол компаниялардың директоры болған. Екі жылдың ішінде халықтың аузын жабу үшін аздап үлесін беріп отырады. Бірақ ол кезде халық жердің бәрі бес ұйымға өтіп кеткені туралы қаулы шыққанын білмейді. Қарапайым халық келісім берді-мыс қылып алады", - дейді Тұрсынбек Кәріпбай.

Артынша бес ұйымның ішінде Kazexim-Меркеге қатысты құжаттар жоғалып, төрт компанияның құжаттары ғана қалады екен. 

"Дайрабаев төрт компанияның жерлерін олардың ең басында тұрған Kazexim-ге береді. Себебі құрылтайшы жарғы бойынша жердің 75 пайызын алса, халыққа жердің 25 пайызы ғана қалады екен. Kazexim-нің басында отырған адамдар сотталды, оны білесіздер. Оның ішінде, Әблязов және тағы үш адам бар. Олар жазасын өтеп шықты, бірақ жер қайтарылған жоқ. Ал Kazexim-Победа, Kazexim-Кеңес, Kazexim-Жарастың жерлері кепілге қойылып кеткен. Жерлер БТА-банкқа қойылған. Яғни халықтың жері кепіл ретінде банкке қойылған. БТА банктан 1,5 миллиардтай ақша шығарылған, бірақ бәрі Әблязовпен оффшорға кетіп қалған", - дейді адвокат. 


Рекомендовать
Последние новости