Енді мейрамханаларға қызмет көрсеткені үшін 10% ақы алуына тыйым салынуы мүмкін

Қаракөз Амантай 05 сент. 2024 14:22 2366

Қазақстан мейрамханаларында қызмет көрсетуге алатын 10 пайыздық шайпұлды алып тастау қарастырылып жатыр. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Мекеменің кіреберісінде қызмет көрсету шарттары жазылған құжат бар. Соған өзгеріс енгізуді қарастырып отырмыз. Дәмханада сізге қызмет көрсетілсе және оның ішіне қызмет ақысы да кірсе, сіз ешқандай қосымша ақы төлемейсіз. Сонымен қатар қазір ішкі сауда ережелеріне өзгертулер әзірлеп жатырмыз. Ол шайпұл, депозиттерге қатысты. Алайда мұны көптеген кәсіп иесі қолдай қоймайтыны анық”, – деді Арман Шаққалиев.

Министрдің айтуынша, аталған өзгерістер қазан айынан бастап енгізілмек. 


Рекомендовать
Последние новости