ҚазҰУ-да Asian Mechanisms and Machine Science конференциясы өтті

Жарбол Кентұлы 30 авг. 2024 13:55 5237

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде VІІ халықаралық Asian Mechanisms and Machine Science (Asian MMS-2024)  конференциясы басталды. Сала сарапшылары машиналар туралы заманауи ғылымның өзекті трендтері мен мәселелерін талқылады.

Ауқымды шараны ҚР ҰӘҚ Ғылым комитетінің Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесіп өткізді.

Конференцияның бірінші күні іс-шараға қатысушылар мен қонақтар үшін кампус-тур ұйымдастырылды. Олар Әл-Фараби мұражайын, «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасын, география және табиғатты пайдалану факультетінің 10 жаңа инновациялық зертханасын, дәрілік препараттарды өндіру цехын, инжиниринг және ғылымды қажетсінетін технологиялар кластерін және кампуста орналасқан басқа да объектілерді аралады. Форумның екінші күнінің пленарлық отырысын модератор – т.ғ.д., профессор, Мәскеу Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ҒЗИ вице-президенті, академик У.А.Жолдасбекова атындағы Механика және машинатану институтының бас директоры Амандық Төлешов ашты. Ол конференция 50 елдің ғалымдары мен инженерлерін біріктіретін IFToMM беделді халықаралық механизмдер мен машиналар ғылымын насихаттау федерациясының, халықаралық ірі ғылыми қауымдастықтың қолдауымен өтіп жатқанын атап өтті. Тәуелсіз Қазақстан IFToMM ұйымына 1991 жылдан бері мүше.

Басқарма Төрағасы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Университет басшысы биыл халықаралық QS рейтингінде 163-орынға ие болған зерттеу университетінің құрылғанына 90 жыл толатынын атап өтті. Робототехника саласын белсенді дамыта отырып, университет заманауи білім беру бағдарламаларын енгізіп, ғылыми-зерттеу зертханаларын құруда. Мерейтойға орай, ҚазҰУ құрамында 10 зертханасы бар Тұрақты даму және қоршаған ортаны басқару ғылыми орталығы ашылды. Химия және химиялық технология факультетінде тоғыз зертханасы бар заманауи Farabi Chem Science кластері құрылды. Жыл соңына дейін халықаралық және отандық жетекші технологиялық компаниялар орналасатын ҚазҰУ хабын ашу жоспарлануда. Өнеркәсіптік робототехника және роботтандыру саласындағы инженерлік құзыреттілік орталығы жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар Орталық Азияда теңдесі жоқ суперкомпьютер жеткізіледі деп күтілуде. Университет «Механика», «Автоматтандыру жүйелері және басқару құралдары»,  «Роботтық жүйелер» және т.б. бағыттар бойынша мамандарды даярлауда.

«Конференцияға АҚШ, Жапония, Қытай, Үндістан, Тайвань, Италия, Польша, Германия, Түркия және ТМД елдерінің ғалымдары қатысуда, – деді ректор. – Бұл университетте интеллектуалды және роботтық жүйелерді одан әрі дамытуға және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге үлкен мүмкіндіктер ашады».

Экономика ғылымының докторы, профессор, академик, Тұран университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов қатысушыларды конференцияның ашылуымен және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мерейтойымен құттықтады. Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының президенті, академик Бақытжан Жұмағұловтың құттықтау хатын оқыды. «Ғылыми форумдарда беделді ғалымдардың қарым-қатынасы, ғылыми нәтижелерді сынақтан өткізу, жұмыстың перспективалары мен бағыттарын талқылау ғылым үшін нағыз қозғаушы күш болып табылады. Оның қазіргі кезеңдерде жалғасып жатқанына қуаныштымын. VІІ халықаралық Asian Mechanisms and Machine Science  конференциясы IFToMM механизмдері мен машиналары туралы ғылымды дамытуға жәрдемдесу жөніндегі беделді халықаралық федерацияның қолдауымен өткізілетін маңызды нәтижелер әкелетініне сенімдімін», – делінген хатта.

Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау хатын жеткізді. «Asian Mechanisms and Machine Science өткізу ел өміріндегі маңызды ғылыми оқиға болып табылады. Қазақстанда механизмдер мен машиналар және робототехника ғылымының дамуына елеулі үлес қосатыны сөзсіз. Біздің ғалымдарымыз бен шетелдік әріптестеріміздің машина жасауды және экономиканың аралас салаларын дамытудың практикалық үлесіне ықпал ететін болады», – деп атап өткен ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек конференция қатысушыларына ғылыми-зерттеу қызметі мен жұмысына табыс тіледі.

Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Қүрішбаев, IFToMM президенті Андрес Кечкемети, Asian MMS-2024 ғылыми комитетінің тең төрағасы, FToMM құрметті президенті Марко Чеккарелли және басқалар сөз сөйледі.

Конференция жұмысы «Механизмдер мен машиналар теориясындағы тарих және білім», «Механизмдер мен машиналарды жобалау», «Биомеханика және медициналық робототехника» атты секциялық отырыстар аясында жалғасты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

 


Рекомендовать
Последние новости