ҚазМұнайГаз Маңғыстау облысында көптеген әлеуметтік нысан салды

Қаракөз Амантай 23 авг. 2024 18:36 3309

ҚазМұнайГаз 2022 жылы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына жаңа әлеуметтік нысанды сыйға тартқан болатын. Атап айтқанда, ондағы "Білім инновация" лицейіне ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы — "Өзенмұнайгаз" АҚ ангар үлгісіндегі екіқабатты жаңа спорт кешенін оқушылар қуана қабылдаған еді. Өйткені оған дейін лицейде оқушыларға арналған жеке спорт кешені болмаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.   

Кешеннің жоғарғы қабаты — соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар қойылған кең жаттығу залы. Онда спортқа қажеттің бәрі бар — көлденең жолақтар, барлар, штангалар, платформалар, күштік снарядтар, эстафеталық ойын жабдықтары, жерге төсеніштер сонымен бірге аталған спорттық жабдықтарды сақтауға арналған сөрелер бар.

Ал киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер мен дәретханалар ыңғайлы болу үшін төменгі қабатта орналасқан.Ерекше спорт клубында әр түрлі мәдени-қоғамдық, ойын-сауық және спорттық іс-шаралар да өткізіледі. Волейбол, баскетбол, күрес, тоғызқұмалақ, шахмат, шағын футбол жәре т.б. секциялар да жұмыс істейді.

Бұл – Өзенмұнайгаздың Жаңаөзенде сыйға тартқан ангар үлгісіндегі екінші спорт ғимараты. Сондай-ақ өңірдің паралимпиадашылары мен мүмкіндігі шектеулі тұрғындарының қажеттіліктеріне арналған "Алға" клубы да бар.

ҚазМұнайГаз-дың ықпалымен Жетібай ауылында да 2023 жылы бес балалар спорт кешені салынды. Олар екі түрлі бағыт бойынша жобаланған: бірінші типтегі алаңдарда жасанды жабыны бар футбол алаңдары, воркаут алаңдары және балаларға арналған ойын аймақтары болса, екінші типтегі кешендер баскетбол және волейбол ойындарына арналған алаңдар.

20 мыңдай халық тұратын мұнайшылар кенті үшін бұл үлкен қуаныш болды. Жетібайлықтарға қазір балаларын ойнатып, көңіл-күйлерін  көтеру үшін шалғай қалаларға бармайды. Өз ауылдарының аумағында ойнауға қажеттін барлығы бар. 

2023 жылы сондай-ақ  Жаңаөзен қаласында және оған іргелес Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдарында да осыған ұқсас 16 балалар алаңы пайдалануға берілді.  

Маңғыстау облысында 2022-2023 жылдар аралығында ҚазМұнайГаздың ("Самұрық-Қазына Траст" қоры арқылы) демеушілік көрсетуімен жүзеге асырылған жоба аясында жалпы 21 балалар спорт алаңы пайдалануға берілді.


Рекомендовать
Последние новости