"Әдейі жасалған": сенатор даулы мәлімдеме жасаған Ресей тарихшысы туралы

Dalanews 25 янв. 2024 08:47 5246

Ресейлік ток-шоудың бірінде қазақтар мен өзбектер ұлт ретінде 1917 жылғы революцияға дейін болмаған деген мәлімдеме жасаған Ресей тарихшысы Михаил Смолин қызу талқыға түскен еді. Сенат депутаты Сергей Ершов осы дауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Менің ойымша, мұндай нәрселер біздің арамыздағы қарым-қатынасты бұзу үшін әдейі жасалған. Анау жаман, мынау жаман, біз жақсымыз. ...Біздің бай тарихымыз бар, біз Ұлы Отан соғысында бірге соғыстық, 600 мың адам қаза тапты. Әрбір төртінші қазақстандық соғысқа қатысты", - деді Ершов Сенат кулуарында.


Сонымен бірге, ол мұндай мәлімдемелерге көңіл аудармайтынын мойындады.

"Мен шенеуніктермен (ресейлік - еск.) көп сөйлестім. Неліктен мұндай сұрақтар қойғаныңызды түсінемін, мен де Ресейде сондай сұрақтар қойдым. "Бізде ақымақтар бар" деді. Енді не істеу керек? ...Ресейде біздің тарихымызды жақсы біледі. Қазақтар онда жақсы өмір сүреді, біз де мұнда жақсы өмір сүріп жатырмыз", - деді ол.

Cурет: nbfnasledie.ru, senate.parlam.kz

Коллаж: Dalanews.kz

Тағы оқыңыз:


https://dalanews.kz/del-qazir/98519-maraldydagy-altyn-dauy-zauyt-qurylys

Рекомендовать
Последние новости