Ұшты, ұшты, 46 млн ұшты: Әлиевтің компаниясы Алматы облысындағы селді бақылауға да жауап береді

Dalanews 25 янв. 2024 09:34 1324

Алматыда болған жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай қызметіндегі біраз былықтың шеті шықты. Бұл жолы әңгіме сел қаупі туралы, бірақ тағы да экс-Президенттің туыстарына қатысты болмақ, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жер сілкінісінен кейін алматылықтарға осы қауіп туралы хабарлауға жауапты компания экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәли Әлиевке тиесілі TNS-INTEC ЖШС екені туралы ақпарат тарады.

Бұл туралы "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің (ҚБ) атқарушы директоры Дидар Смағұлов мәлімдеген еді.

Kaztag.kz деректеріне сүйенсек, дәл осы ЖШС Алматы облысындағы сел қаупі мониторингінің автоматтандырылған жүйесіне де жауап беретін болып шықты.

"Тапсырыс беруші - "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" ММ; сипаттама - Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендерінің бассейндеріндегі сел қаупі мониторингінің автоматтандырылған жүйесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер; сомасы - 46 317 000 теңге", - деп жазылған Мемлекеттік сатып алу сайтындағы келісімшартта.


Лот 2023 жылғы мамырда жарияланған, жеңімпаз болып TNS-INTEC ЖШС таңдалған. Бұған дейін айтылғандай, осы компания алматылықтарға жер сілкінісін хабарлауға жауапты және ол үшін 1,1 миллиард теңге алған. Жеткізуші мен тапсырыс беруші арасындағы қолданыстағы шартқа былтыр қол қойылған.

Ал техникалық сипаттамада жеткізуші сел қаупін бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің үздіксіз жұмысына және барлық технологиялық жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзартуға жауап беретіні жазылыпты.

 

Рекомендовать
Последние новости