Абзал Шынасыл "Хутор бандасы" туралы сұраққа жауап берді

Көркем Алдабергенова 21 мая 2025 11:56

Шерзат Болаттың өліміне қатысты айыпталушы Абзал Шынасыл «Хутор бандасымен» байланысы жайлы жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот отырысы барысында айыпталушы Абзал Шынасылға «Чика» деген адам және «Делайте» деген пәрмен туралы сұрақ қойылды.

– Мен ол жақта болғанда ондай нәрсе болған жоқ, – деп жауап берді Абзал Шынасыл.

Сондай-ақ сотта одан «Хутор бандасымен» байланысы туралы да сұралды.

– Мен осы іске қатысты айтқым келгені, БАҚ-та «Хутор» деген бандиттер бар деп жазады. Жоқ, біз оларға ешқандай қатысы жоқ қарапайым ауылдың балаларымыз. Неге бізді «Хуторские» деп атап жүргенін өзім де түсінбеймін, – деді сотта айыпталушы.

Еске салайық, бұған дейін Абзал тағылған айыпты жартылай мойындайтынын айтты. 

Айыпталушы Абзал Шынасылдың айтуынша, оқиға болған күні ол достары – Азамат Тоқтаубаев, Шыңғыс Белгожаев, Равиль Сакиев және кәмелет жасқа толмаған Д.Ы.-мен бірге кафеде демалып отырған. Сол кезде оған Нұрбол Тоқтаубаев қоңырау шалып, "Қамажай" дүкені маңында досын біреулер соққыға жыққанын хабарлаған.

Абзалдың сөзінше, ол оқиға орнына келгенде, төбелес басталып кеткен екен. Ол сондай-ақ Шерзаттың ағасы – Нұрғанат Ғайыпбаевтың өзіне қарай мылтықпен оқ атқанын айтты.

«Содан кейін олар Шерзатпен бірге Шота Руставели көшесімен қашып кетті. Кейін Шерзат құлап түсті. Ол құлаған кезде мен оны ұрып, тептім. Сосын мен Нұрғанатты үш рет пышақтадым. Мұны мойындаймын», – деді Абзал Шынасыл.

Сот барысында Абзалдан не үшін пышақты өзімен бірге алып жүргені сұралғанда, ол оқиғадан үш күн бұрын жанармай бекетінде белгісіз үш адам шабуыл жасағанын, сол себепті өзімен бірге пышақ алып жүргенін айтқан.

Алайда сотта Абзал Шынасыл бұрынғы айтқан сөздерінен бас тартты. Оның айтуынша, Шерзатты өлтірген ол емес және пышақты кім қолданғанын білмейді.


Рекомендовать
Последние новости