Әблязовтің ісіне қатысты күтпеген деректер пайда болды

Көркем Алдабергенова 20 мар. 2024 09:02 2672

Адвокат Жан Күнсеркин банкир Мұхтар Әблязовтің ісіне қатысты жаңа деректер айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Күнсеркиннің сөзінше, 19 наурызда Алматының Медеу ауданындағы № 2 сотта үкім шығып, Нұрғазин Қуанышты БТА банктегі қаржы жымқыру ісі бойынша ескіру мерзіміне байланысты жазадан босатты. Айта кетейік, Қуаныш Нұрғазин – Мұхтар Әблязовтің ағасы.

"Сот Қуаныш Нұрғазинді ақтамады. Бірақ істі қарау барысында БТА банктегі басқа айыпталушылардың істері бойынша бұрын сотта зерттелмеген кейбір мәліметтер анықталды. Банк акцияларының 62 пайызы Әбләзов Мұхтарға тиесілі екені белгілі болды. Яғни, оның 2017 жылы өз ақшасын ұрлағаны үшін қалай кінәлі деп танылғаны қазір мүлдем түсініксіз", – дейді адвокат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазақстанда Мұхтар Әблязов қылмыстық қоғамдастық құрып, БТА банктен 7,5 миллиард доллардан асатын қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Экс-банкир елімізде экстремистік ұйым деп танылған, тіркелмеген "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі.


Рекомендовать
Последние новости