Абай облысында жоғалған ер адамдарды іздестіру жалғасуда

Жарбол Кентұлы 02 апр. 2024 21:46 3019

Тракторда Борлы өзенінен өту кезінде суда жоғалып кеткен екі азаматты іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іздестіру жұмыстарына Абай облысы және Жетісу облысы ТЖД ЖҚЖ, полиция департаменті, ЖАО, Қорғаныс Министрлігінің күштері мен құралдарынан, жергілікті тұрғындар, барлығы 63 адам, 4 жүзу құралы, 9 бірлік техника, 2 пилотсыз ұшу аппаратары, сондай-ақ Полиция департаментінің бір кинологиялық есебі жұмылдырылған. Олар күн сайын сағат 06.00-ден бастап тәуліктің қараңғы уақыты түскенге дейін іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Жоғалған адамдарды сүңгуірлердің көмегімен іздестіру жұмыстары су айдындарының көктемгі ластануына байланысты су асты көрінуінің нашарлығымен және өзеннің ағыс жылдамдығымен күрделенетінін ескертеміз.

Сонымен қатар, іздестіру жұмыстарына Қорғаныс министрлігі мен "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшақтары 4 рет тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 26 наурызында 09 сағ 29 мин "112" пультіне Борлы өзенінен өту кезінде екі адамның өзен ортасында трактормен тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Сонымен қатар, куәгерлер бірнеше рет атқа мініп, оларға көмек ұсынған, бірақ белгісіз себептермен жоғалып кеткендер адамдар ұсынылған көмектен бас тартқан және оларды техникамен бірге эвакуациялауды күткен.

Осы уақытта Аягөз қаласының ЖҚЖ құтқарушылары "Шығыс" шаруа қожалығында (Аягөз қаласынан 80 шақырым жерде) іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқан болатын, онда 23 наурызда өзеннен өтіп бара жатып, атынан құлап, 1977 жылы туған ер адам суға кеткен болатын. Аталған аймаққа жету қиын және онда байланыс жоқ.

Осыған байланысты Борлы өзенінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Семей қаласынан күштер мен құралдар жіберілді.

Айта кету керек, жоғалған адамдар көктемгі су тасқынының алдын-алу жұмыстарына қатысқан азаматтар емес.


Рекомендовать
Последние новости