Абай облысы. «Ауыл – ел бесігі» жобасын аясында 210 жұмыс орны ашылған

Dalanews 09 окт. 2023 05:51 1043

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өтті. Бағдарлама аясында облыста 77 жоба жүзеге асса, бүгінде соның 45-і аяқталған, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында құрылыс жұмыстарының барысы талқыланды. Жобаны іске асыру қарқынына ерекше назар аударылды.

Айта кетсек, жобаларды жүзеге асыруға барлығы 9,5 млрд теңге, оның ішінде Ұлттық қордан – 4,2 млрд теңге, облыстық бюджеттен – 5,3 млрд теңге бөлінді. Жыл басынан бері жүзеге асып жатқан жобалардың аясында 210 жұмыс орны құрылды.

Жоба нәтижесінде 24 әлеуметтік нысанды, оның ішінде 7 білім беру, 6 денсаулық сақтау, 10 спорт және мәдениет нысанын, сондай-ақ 1 әлеуметтік қорғау мекемесін пайдалануға мүмкіндік береді.


Сондай-ақ, көлік инфрақұрылымы саласында 33 жоба жүзеге асырылады.

Рекомендовать
Последние новости