95 ауылға таза ауыз су келеді

Dalanews 23 февр. 2018 11:15 778

Шығыс Қазақстан облысында 2017-2020 жылдар аралығында 136,6 млрд. теңгеге 95 ауылда су құбырының жаңа құрылысы жоспарлануда. Бұл ауылдардағы орталықтандырылған сумен жабдықтау деңгейін 61%-ға немесе 13% өсімге, тұрғындарды қамту көрсеткішін 84%-ға немесе 35,5%-ға  қамтамасыз етпек. Бұл жөнінде тұрғындар алдындағы есепті кездесу барысында облыс әкімі Даниал Ахметов айтты.

– Таза сумен қамту өңір үшін денсаулық сақтау, білім беру секілді тұрғындардың өмір сапасын құрайтын басымды әлеуметтік жоба. Сондықтан да, ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін өткен жылы 14,1 млрд. теңгеге 51 жоба қаржыландырылды. Жылдың қорытындысында 8,3 млрд. теңгенің 34 жобасы аяқталып, 21 ауылда 17 мың адам орталықтьандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді, – деді Даниал Ахметов.

Ағымдағы жылы 13,7 млрд. теңгенің 37 жобасын жүзеге асыру, 20 жобаны қолданысқа беру жоспарлануда. 14 мың адам тұратын 11 ауыл сумен қамтылмақ. Қамту 49%-ды құрайды.

Рекомендовать
Последние новости