Облыс әкімі ШҚО жоғары оқу орындарында оқу үшін 400 грант бөледі

Dalanews 23 февр. 2018 10:19 1016

2017 жылы Шығыс Қазақстанда жергілікті бюджет қаржысы есебінен облыстың 5 университетіне сұранысқа ие мамандықтарға 200 грант бөлінген болатын. Ағымдағы жылы гранттар саны екі есеге, 400-ге дейін ұлғаяды. Жалпы алғанда, бағдарламаны іске асырудың бес жылы ішінде гранттар бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы оқытудың толық кезеңін ескергенде 4,6 миллиард теңгені құрайды.

– Студенттерді оқытуға осыншама қомақты қаржылық ресурстарды құя отырып, біз ЖОО-ларға басты шарт қоямыз – бұл олардың қалалар мен аудандарға шығып, мектептерде белсенді және жүйелі кәсіби бағдарлау жұмыстарнын жүргізуі. ЖОО-ларға пассивті позиция ұстануды доғарып, талапкерлерді іріктеу және жинақтау бойынша жұмысты күшейтетін кез жетті. Жаңа сұранысқа ие мамандықтарды енгізу керек. Жоғары білікті, оның ішінде шетелдік профессорлық-оқытушылық құрамды тарту қажет. Гранттарды бере отырып, бірақ оқу орындарының ректорларынаң сұранысты арттырамыз, – деді ШҚО әкімі тұрғындармен есепті кездесу барысында.

Гранттардың бөлінуіне себеп болып отырған жайт – шығысқазақстандық балалардың оқуға шетелдік ЖОО-ларға кетуі. Өткен жылы өңіріміз шетелдік ЖОО-ларға оқуға кеткен түлектер санын екі есеге дейін төмендетуге қол жеткізе алды. Алайда, аталмыш мәселені шешуде кешенді тәсіл қажет деп санайды ШҚО билігі. Сондықтан, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Білікті маман» бағдарламасы әзірленді, ол өңірлік ЖОО-лардың бәсекеге қабеліттілігін арттыруды және мектеп түлектерінің кетуін төмендетуді көздейді.

– Әрине, біз түлектеріміздің Англияның, Францияның белді жоғары оқу орындарында, яғни әлемнің үздік университеттерінде оқуын құптаймыз. Бірақ, олардың оқыту деңгейі мен сапасы қазақстандық шамадағы, тіпті одан да төмен университеттерден гөрі өз елінде және өз облысында оқығаны дұрыс болар еді, – деді Д. Ахметов.

 

https://dalanews.kz/34308

Рекомендовать
Последние новости