6 млн адамның зейнетақы жинағы 500 мың теңгеге әлі жетпеген

Dalanews 29 сент. 2020 06:00 900

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының құрылымы жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында 2021 жылы БЖЗҚ салымшылары өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге және қаржы компанияларының басқаруына беру үшін ала алатындықтары туралы айтты.

Осыған байланысты мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілерді түпкілікті қабылдау үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Ал әзірше салымшыларымыздың 2020 жылдың 01 қыркүйегіндегі зейнетақы жинақтарының бүкіл ел көлеміндегі құрылымын ұсынамыз.


Сонымен өз шоттарында зейнетақы жинақтары бар 10 870 610 міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) 5 615 939 – ерлер болса, 5 254 671 – әйел азаматшалар. Олардың жалпы жинағы 11 942 813 млн теңге, оның ішінде 7 040 032 млн теңге ер азаматтарға тиесілі, ал 4 902 781 млн теңге – әйелдердің шотында.

Мына сомадағы зейнетақы жинақтарына:

500 мың теңгеге дейін – 5 906 632 адам;

501 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін - 1 590 837 адам;

1 млн теңгеден 3 млн теңгеге дейін - 2 348 114 адам;

3 млн - 5 млн теңгеге дейін - 634 188 адам;

5 млн - 8 млн теңгеге дейін - 238 931 адам;

8 млн теңгеден асатын сомаға - 151 908 адам ие.

Бұл ретте ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 1 254 мың теңге, ал әйелдерде – 933 мың теңге. Алайда бүкіл жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданыста болған кезең ішінде жарналарды тұрақты түрде аударып отырған адамдардың зейнетақы жинақтарын бағалайтын болсақ, онда 1998 жылдан бері зейнетақы жарналарын ай сайын аударып отырған салымшылардың арасында ер азаматтардың жинақтарының орташа сомасы 5,8 млн теңге, ал әйелдерде 4,4 млн теңге.

Рекомендовать
Последние новости