«30 құжатқа қол қоймақ». Мирзияев Мәскеуге барады

Dalanews 16 нояб. 2021 09:28 556

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев осы аптада Мәскеуге ресми сапармен барады. Осылай деп "Россия 1" телеканалы хабарлады.

"Ресейге Путинмен кездесу үшін Өзбекстан президенті келе жатыр. Бұл Шавкат Мирзияевтің таяуда ғана президент сайлауындағы жеңісінен кейінгі алғашқы сапары", - деп хабарлады "Москва. Кремль. Путин" бағдарламасында.

Кездесу барысында екі елдің президенті 30 құжатқа қол қояды деп күтіледі.


Шавкат Мирзияев 11-12 қарашада Стамбұлда өткен Түркітілдес елдердің кеңесіне қатысқан.

Рекомендовать
Последние новости