250 мың айлыққа жұмысшы табылмай жатыр

Dalanews 13 сент. 2020 13:00 751

Петропавлда 250 мың теңге айлыққа жұмысшы табылмауда. Жұмыс қолының жетіспеуінен қаладағы провизорлық орталықтың құрылысы баяу жүріп жатыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

200 орындық инфекциялық аурухана келесі айдан бастап індетпен күресті бастауы тиіс болған. Алайда айлықты азсынған құрылысшылар жұмыс істеуге құлықсыз.

Салдарынан карантин кезінде ауадай қажет боп тұрған медициналық мекеменің құрылысы кешеуілдеуде. Жұмысқа барлығы мың адам қажет екен. Алайда құрылыс компаниясы тек 300 жұмысшы жинай алған.

Оның өзінде басқа өңірлерден алдырыпты. Ал жалақысы 180 мыңнан 250 мыңға дейін барады. Оған қоса үш мезгіл тегін тамағы бар. Петропавлдықтар бұл айлыққа қызыға қоймапты.

200 орындық провизорлық орталықтың құрылысы осы айдың соңында аяқталуы тиіс. Ал қазан айынан бастап мұнда індетпен күресуге арналған медициналық жабдық жеткізілуі керек.


250 мың айлыққа жұмысшы таппай қиналған құрылыс компаниясы «инфекциялық аурухананы уақтылы тапсыра алмайтын болдық» деп отыр.       – Неге келмейді деп ойлаймын. Біз оларға жақсы жағдай жасаймыз, киім, каска, тамағын береміз, неге келмейді? Оларға айлығымызды айтқанда, жұмыс уақытын сұрайды. Жұмыс сағат сегізден кешкі сегізге дейін. Олар тек 8 сағат жұмыс істегісі келеді, ал бізде 12 сағат, – дейді компанияның шаруашылық жөніндегі әкімші Мирас Рахметов.

Рекомендовать
Последние новости