22 желтоқсан: ауа райы қандай болады?

Көркем Алдабергенова 22 дек. 2025 07:30

Синоптиктер 22 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады, ал еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында қалың қар күтіледі. Батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болжанады, ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты қар жауады.

Ел аумағында тұман, көктайғақ, сондай-ақ желдің күшеюі күтіледі.

Температуралық фонға келсек, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы 0–5 градустан 18–30 градус аязға дейін күрт ауытқиды, ал Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 33–35 градусқа дейін аяз күтіледі. Елдің қалған аумағында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.


Рекомендовать
Последние новости