2024 жылы ақша айналымынан 80 млн теңгенің жалған банкноттары алынды

Кәмшат Тілеухан 10 янв. 2025 09:51 322

Қаржылық мониторинг агенттігі валюталық операцияларды жүзеге асыру кезінде сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығына ел азаматтарының назарын аударады. Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылдың басынан бастап Қазақстан аумағында айналымнан 2 мыңға жуық жалған банкнота алынған, деп жазады Dalanews.kz.

Жалпы алынған жалған ақшалардың сомасы 80 миллион теңгеден асты.

Жалған банкнота жасаумен және сатумен айналысқан 8 адам сотталған. Олар 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

"Мұндай жағдайларды болдырмау үшін ақшалай операциялар кезінде банкноталарды тексеріңіз. Ақша қағазының сапасына, қорғаныш элементтеріне (мөртаңбасы, микроэлементтер, белгілі бір жарықта көрінетін белгілері) және текстура мен шрифтіне назар аударыңыз. Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болып қалмау және қылмыстық қудалауға түспеу үшін, бөтен адамдармен ақша алмастырып, валюта айырбастау бойынша қолайлы курс ұсынса да делдалдармен мәміле жасамағаныңыз дұрыс", делінген ҚМА хабарламасында.

Бұған дейін ҚМА 2024 жылы 6,2 мың "дроп карталар" арқылы жылыстатылған қылмыстық ақша айналымы 24 млрд теңгені құрағанын хабарлаған.

 


Рекомендовать
Последние новости