2000 адам қатысты. Нұр-Сұлтанда "Денсаулық фестивалі" өтті

Dalanews 09 сент. 2019 15:30 898

Салауатты өмір салтын ұстанатын елордалықтар «Денсаулық фестивалі - 2019» шарасына жиналды, деп хабарлайды  елорда әкімдігінің ресми сайты.

Денсаулық марафонына шамамен 2000 адам қатысты.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемованың айтуынша, шара халық арасында дұрыс тамақтану, денсаулыққа зиянды әдеттерден бас тарту, салауатты өмір салтын ұстануды кеңінен насихаттау үшін ұйымдастырылып отыр.

Фестиваль фитнес жаттығулары мен бимен басталды. Эстрада жұлдыздары елорда тұрғындарына өнер көрсетсе, ал жаттықтырушылар скандинавиялық серуендеу және йогадан шеберлік сабақтарын өткізді. Белсенді қала тұрғындары топ-топқа бөлініп, 1500 метр қашықтыққа жүгіру, қол күресінен жарысқа түсіп, елорданың «Есіл», «Байқоңыр», «Алматы» аудандары тимбилдингтен ең мықтыны анықтады.



Нәтижесінде «Есіл» ауданының командасы жеңіске жетті. Сондай-ақ, акция аясында «Медицина аумағы» да халыққа қызмет көрсетті.

Қалаған адам түрлі медициналық тексерулерден өтіп, дәрігерлердің кеңесін тегін алды. Жарыс соңында фестивальдің ең белсенді қатысушылары мен жеңімпаздары диплом және сыйлықтармен марапатталды. Жаңбыр мен күннің салқындығына қарамастан, елорда тұрғындары фестивальдің соңына дейін қалып, мұндай шаралардың халық үшін қызықты әрі пайдалы екенін атап өтті.

Рекомендовать
Последние новости