«200-ден астам сарбаз дайындықтан өтті». М777 гаубициясы 40 шақырым қашықтағын нысанды жойып жібереді

Dalanews 06 июн. 2022 01:05 790

АҚШ Қорғанысы министрлігі Украинада соғыс басталғанда артилериялық М777 гаубициясының 90 данасын жеткізуге уәде еткен еді. Күні бүгінге дейін американдықтар 70 гаубициясын жеткізіп үлгерген. Осылайша АҚШ өз уәдесін 80 пайызға орындады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Пентагон өкілінің тартқан мәліметінше, М777 гаубициясын пайдалану үшін Украинаның 200-ден астам сарбазы арнайы дайындықтан өтіп үлгерген.

– Осыған дейін М777 артилериялық гаубициясын пайдалану бойынша 170 украин сарбазы дайындықтан өтті. Бүгін тағы 50 сарбаз аталған қаруамен жұмыс істеуі қаруды меңгеріп шықты. Осылайша Украинада М777 гаубициясымен жұмыс істей алатын сарбаздардың саны 200-ден асты, – деді.

M777 howitzer гаубициясы ағылшындар жасаған калибр 155 миллиметрлік тіркемелі қару болып саналады.


Гаубицияны басқару жүйесі толықтай цифрландырылған. Дәл осындай қару өздігімен жүретін қондырғыға да орнатылғанын айта кетуіміз керек. Гаубицияның қарапайым снарядтары 24,7 шақырып жердегі нысандарды дәлдеп атуға мүмкіндік берсе, ал жетілдірілген М982 Excalibur снарядмен 40 шақырым жердегі нысанды жоюға болады.

Рекомендовать
Последние новости