Ресей мұнайынан бас тартқан Фаранция арабтармен байланысты арттырмақ

Dalanews 06 июн. 2022 02:19 939

Фаранция билігі Ресейдің мұнайынан құтылу үшін Біріккен араб әмірліктерімен келіссөздерді бастады. Осылайша француздар өздеріне қажетті мұнай мен дизел отынын БӘА-дан тасымалдауды көздеп отыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Фаранцияның бұл бағыттағы жұмыстарын Bloomberg агенттігіне Францияның Қаржы министрі Бруно Ле Мэр айтты. Өз кезегінде қаржы саласына жауапты шенеунік алдағы уақытта таза энергетиканы дамытуға да қомақты инвестиция салынып, жел мен теңіз толқынынан қуат көзін өндіретін нысандардың құрылысы басталатынын алға тартқан.

– Қазіргі таңда Францияға Ресейден келетін газ бен дизел отынының балама көздерін қарастырып жатырмыз. Бұл ретте Біріккен араб әмірліктерімен жұмыс істемек ойымыз бар. Бұл бағыттағы келіссөздер жүруде, – деді Ле Мэр.

Өткен аптада ЕуроОдақ Ресейге салынған санкциялардың алтыншы пакетін мақұлдаған болатын. Жаңа санкцияда Ресейден ЕуроОдаққа экспортталатын мұнай шектеу қарастырылған-ды.


Өз кезегінде Фаранция президенті Эммануэль Макрон ЕуроОдақ жыл аяғына дейін Ресейден тасымалданатын мұнайды 92%-ға қысқартуды көздеп отырғанын айтты. Ол алдағы уақытта Ресейдің газына да эмбарго жариялануы мүмкін екенін тілге тиек етті.

ЕуроОдақ елдерінің Ресей мұнайына салған шектеуінен кейін Кремль мұнайдан түсетін 22 млрд доллар табысынан айырылуы мүмкін.

Рекомендовать
Последние новости