18 млн пара: Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы сотталды

Көркем Алдабергенова 21 апр. 2025 16:24 207

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының үкімімен Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин 9 жылға және жеке сот орындаушысы Р.М. Жанахметов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олар сотталушыны бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындау сылтауымен 18 млн теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алу жолымен алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Қосымша жаза ретінде Шайдуллин мен Жанахметов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Рекомендовать
Последние новости