15 тамызда мемлекетке қайтарылған қымбат бұйымдардың аукционы өтеді

Көркем Алдабергенова 24 июл. 2025 19:00

15 тамызда мемлекетке қайтарылған қымбат бұйымдардың аукционы өтеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС E-Qazyna веб-платформасында бағаны көтеру әдісімен электрондық сауда өткізілетінін хабарлайды. Аукцион 2025 жылғы 15 тамызда сағат 10:00-де өтеді.

Саудаға қойылған лоттар:

  • Әшекей бұйымдар (бижутерия) – 15 дана, бастапқы бағасы – 139 100 теңге;
  • Сувенирлік монеталар мен қаламдар – 32 дана, бастапқы бағасы – 8 640 728 теңге;
  • Былғары белдік пен қару түрлері – 26 дана, бастапқы бағасы – 6 118 847 теңге.

Активтердің жалпы бастапқы құны – 14 898 675 теңге.

Аукционға қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарнаны енгізу және өтінімді белгіленген мерзімде тапсыру қажет.

Лоттар туралы толық ақпарат және қатысу шарттары E-Qazyna веб-платформасында қолжетімді.


Рекомендовать
Последние новости