"Алматы облысының әкімі оқушыларды балалар үйінен қалай көшіретінін білмеген" - Көшербаев

Көркем Алдабергенова 24 июл. 2025 13:17

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев №1 балалар үйі төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, негізгі мәселе – дұрыс жүргізілмеген коммуникацияда.

«Жағдай сәл бақылаудан шығып кетті. Әкім сол күні көшіру дәл осындай түрде өтетінін болжаған жоқ. Бірақ кез келген жағдайда жауапкершілік атқарушы органда. Себебі мұндай жағдайға жол беруге болмайтын еді. Лауазымды тұлғалар өз өкілеттігінен тыс әрекет еткен», – деді Ермек Көшербаев.

Көшербаевтың айтуынша, Бағанашылдағы балалар үйіне қатысты мәселені көктемде-ақ шешуге болатын еді, сол кезде дау басталған.

Сонымен қатар вице-премьер Қонаев қаласындағы жаңа ғимаратқа барғанын айтты. Ол ғимараттың жағдайына көңілі толған.

«Осындай балалар үйлері Қазақстанның барлық өңірінде салынса, өте жақсы болар еді. ЦАН-нан көшірілген балалар жаңа ғимараттағы жағдайға толық риза. №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне бәрін көрсетіп, түсіндіру керек еді – қандай жағдайда өмір сүретінін, не күтіп тұрғанын айту қажет болатын», – деді Көшербаев.


Рекомендовать
Последние новости