15 қыркүйектен бастап балалар қашықтан оқитыны рас па?

Сағыныш Сардарова 24 авг. 2024 14:37 6545

Қазақстандық оқушылардың ата-аналары чаттар мен әлеуметтік желілерде тараған хабарламаға алаңдаушылық білдірді. Желідегі ақпаратқа сүйенсек, 15 қыркүйектен бастап елімізде маска тағу режимі енгізіліп, оқушылар қашықтан оқуға жіберіледі екен. Бұл жалған, - деп хабарлайды Dalanews.kz stopfake.kz-ке сілтеп.

ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтан оқытуға жібереді және мекемелерде маскамен жүру режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі. Қаулыға сәйкес, 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска тағу режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін ғана енгізіледі.

Азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз», – делінген ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Рекомендовать
Последние новости