15 мың көрермен жиналды: Димаш Мексикада екінші концертін өткізді

Сағыныш Сардарова 11 окт. 2025 22:13

10 қазанда Мексика астанасында Димаш Құдайбергеннің екінші концерті өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлер залды лық толтырды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Мехикодағы әйгілі "Palacio de los Deportes" спорт сарайында өткен әншінің концертіне 15 000 көрермен жиналған. Қай тілде орындалғанына қарамастан, жанкүйерлер әр әнді ерекше ықыласпен қабылдады.

Ерекше кадрларды Димаштың анасы Светлана Айтбаева Instagram парақшасында бөлісті.

Концерттің финалында Димаш домбыра дуэтімен бірге экспромт түрінде күйлерден попурри орындап, Латын Америкасына қазақ елінен ыстық сәлем жолдады.


Рекомендовать
Последние новости