Алматылықтар метро ақысын тікелей турникетте банк картасымен төлей алады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Келер жылдан бастап Алматы метросындағы барлық турникеттер жаңартылып, байланыссыз төлем жүйесімен жабдықталады.
Жолаушылар енді банк картасы немесе Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay сияқты сервистер арқылы тікелей турникетте төлем жасай алады.
Бұл жаңашылдық кіру кезіндегі ұзын-сонар кезектерді азайтуға бағытталған. Қазіргі ONAY жүйесі кейде төлемді 7 секундқа дейін өңдейді, бұл өз кезегінде турникет маңында кептеліс тудырады.
Сонымен қатар, кешкі уақыттарда пойыздардың жүру аралығы қысқармақ. Қала билігінің мәліметінше, метрополитен құрамына қосымша 10 жаңа пойыз енгізіледі.