15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетелдік ұсталды

Сағыныш Сардарова 28 окт. 2024 13:26 2314

Түркістан облысы экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Іздестіру” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 15 жыл мемлекетаралық іздеуде болған екі шетел азаматын ұстады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полицейлер Түркістан облысының аумағында 2009 жылдан бері бірқатар ауыр қылмыс жасағаны үшін өз отанында іздеуде жүрген көрші мемлекеттің екі азаматын ұстады.

"Қазіргі уақытта іздеуде жүрген шетелдіктер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Барлық мән-жай анықталып жатыр.


Рекомендовать
Последние новости