12 жасар астаналық Айару Алтынбек шахматтан Әлем чемпионатында топ жарды

Dalanews 13 июн. 2023 10:36 1212

Астаналық 12 жасар жас спортшы қызымыз Айару Алтынбек шахматтан Әлем чемпионы атанды.

Ол 5-12 маусым аралығында Грузия елі Батуми қаласында шахматтың блиц және рапид түрінен Әлем чемпионатына қатысқан болатын.

Әлемнің 36 елінен 500-ге жуық шахматшылары қатысқан-ы. 12 жасқа дейінгі қыздар арасында Алтынбек Айару Әлем чемпионы атанып, жер жүзіне көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқатты.

Сондай-ақ ол шахматтың рапид түрінен 2 орынға ие болып, күміс жүлдегер атанды.

Айару көпбалалы отбасынан шыққан, өте еңбекқор бала, Айарудың қанжығасында шахматтан Астана қаласының 4 дүркін чемпионы, Қазақстан 2 дүркін чемпионы, 2022 жылдың желтоқсан айында Шри Ланка елінде өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері және көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Астана қаласының   2022 жылғы дарынды балаларға арналған "Ең керемет" жобасының жеңімпазы.

Рекомендовать
Последние новости