ІІМ Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасын тергеу үшін арнайы топ жіберді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау және тергеу жүргізу үшін ІІМ орталық аппаратынан арнайы топ әуе бортымен жөнелтілді.
"Ішкі істер министрі тергеу барысын жеке бақылауға алды. Министрдің тапсырмасы бойынша жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына жан-жақты көмек көрсетіледі, соның ішінде мәйіттерді тасымалдау және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға да қолдау көрсетіледі", - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Айта кетейік, оқиға салдарынан 12 адам қаза тапты.
