Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адам қаза тапты

Көркем Алдабергенова 23 қаз. 2025 10:53

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

23 қазанда Самара – Шымкент автожолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен «ГАЗель» жолаушылар көлігі соқтығысты.Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен «ГАЗель» автокөлігінің 10 жолаушысы қаза тапты, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Анықталғандай, «ГАЗель» жолаушылар көлігі ресми түрде Т.Жүргенев ауылынан облыс орталығына жолаушылар тасымалдаумен айналысқан.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмыс жасап жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар