"11 млн доллар". Байбек екі есе қымбатқа сатып алған Қытайдың автобусы отқа оранды

Dalanews 06 сент. 2022 05:39 1034

Бүгін Алматыда жолаушылар автобусы отқа оранды. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген суреттер мен видеолар таралып жатыр. Қытайдың дәл осы сапасыз автобустарын Бауыржан Байбек 2019 жылы екі есе бағаға  сатып алған болатын. Сол автобустар 5 жыл өтпей отқа оранып, Алматы қаласының тұрғындарына қауіп төндіруде, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кәугерлердің айтуынша, қоғамдық көлік таңертең Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысында өртенген. Сағат 8:00 шамасында қала тұрғындары осы қиылыстан қою қара түтін шығып жатқанын байқаған. Кейін әлеуметтік желіде өрт болған жердің видеосы тарады.

Жарияланған кадрларда өрттің автобустың ішінен шыққанын көруге болады. Болжам бойынша, бұл №38 бағыт бойынша жолаушылар таситын Қытайдың сапасыз жасыл автобусы екенін анық байқауға болады.

Алматы әкімдігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

"Егжей-тегжейлері нақтыланып жатыр. Өрт енді ғана сөндірілді. Толық ақпаратты сәл кейінірек береміз" деп хабарлады қалалық мобильділік басқармасының өкілі.


Бұл автобустар Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі болып тұрғанда Қытайдың Zhotong bus Holding компаниясынан сатып алынған болатын. Қытай компаниясы әр автобусты 83 400 долларға бағалып, 200 қоғамдық көлікті Қорғасқа дейін жеткізіп берген-ді.

Бұдан кейін «Оптима» компаниясы қоғамдық көліктерді елге кіргізгенде утильалымы мен өзгеде салықтық төлепгенді әр автобустың құны 109 000 долларға дейін көтерілген-ді.

Бұдан кейін Бауыржан Байбектің нұсқауымен Алматы қаласы әкімдігі әр автобусты «Оптима» компаниясынан 164 000 доллардан сатып алған болатын.


Осылайша Алматы қаласы әкімдігі қытайдың сапасыз автобусын бастапқы құнынан екі есе жоғары бағаға сатып алды. Сол кезде сарапшылар Алматы қаласы араға «Оптима» компаниясын салмай-ақ автобустарды Қытайдан тікелей неге сатып алмады деп мәселе көтерген еді. Бірақ Назарбаевтың кластасының баласы қоғамдық көлікке пысқырып та қарамаған-ды.

Зерттеушілер Бауыржан Байбек сол кезде Қытайдың сапасыз автобусын қымбат бағаға сатып алып, қала қазынасына 11 млн долларын шығын келтіргенін жазған еді.

Рекомендовать
Последние новости