Қайтыс болған кісімен құдалықта болғандар да індет жұқтырған

Dalanews 28 нау. 2020 11:22 256

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы үш адам тіркелді. Аймақ әкімдігі COVID-19 анықталған аудандарды атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Билік өкілінің мәліметтері бойынша, олардың барлығы облыстың әр ауданында анықталған. Бірінші жағдайда Іле ауданының провизор госпиталінде карантинде болған 63 жастағы әйел вирус жұқтырған. Ол коронавирустан қайтыс болған Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғынымен бір құдалықта болған.

Екінші жағдай Жамбыл ауданында тіркелді. 1997 жылы туған қыз 20 наурызда Оңтүстік Кореядан Ие Чоу-Алматы рейсімен келген.


Үшінші науқас Қарасай ауданының 1995 жылғы тұрғыны. Ол жүктіліктің 21-22 аптасында.


– Барлық науқас Қарасай жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Облыс әкімі Амандық Баталов аталған үш ауданда дезинфекциялық шараларды күшейтуді тапсырды, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x