Дау заңмен шешілу керек

Dalanews 02 қар. 2017 03:42 239

Кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Оны жүзеге асыру мақсатында бизнесті дамытуға бағытталған экономикалық және құқықтық жағдайды жасауды талап етеді. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу мақсатында Алматы қаласы Әділет департаменті ДЭФ ЖБҚИ көрсеткіштерін жақсарту мақсатында бизнесті бастауға және оның қызмет ету барысында туындайтын әкімшілік рәсімдерді жеңілдету үшін тұрақты түрде іс-шаралар жүргізіліп отырады.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есеп Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы баяндамасы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік индексі мемлекеттердің өз халқына қолайлы жағдай жасау жолындағы жоғары қызметін бағалайды. Әділет министрлігі ДЭФ ЖБҚИ-дің 7 индикаторы бойынша орындаушы болып табылады. Оның ішінде 4 индикатор бойынша ҚР ӘМ жауапты орындаушы және 3 индикатор бойынша бірлесіп орындаушы.

Аталған рейтингпен бағаланатын аумақтық бөлімшелердің қызметіне мыналар жатады: заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, авторлық құқықтарды мемлекеттік тіркеу. Қазіргі таңда заңды және жеке тұлғаларға әділет органдарының тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету негізінде аумақтық бөлімшелермен жүзеге асырылады.

Жалпы әділет органдарымен іске асырылатын іс-шаралар, заңды және жеке тұлғалармен кездесулер және әділет органдарының қызметі туралы мақалалар, азаматтар мен бизнес субъектілерінің құқықтық сауатын жоғарылатып, әділет органдарының қызметі туралы туындайтын сұрақтарына жауап табуына мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында жеке кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркеу органымен тікелей байланысты қарым-қатынасқа түседі, атап айтқанда, құрылтайшыны өзгерту, жарғылық қордың мөлшерін азайту, атауын өзгерту, хабарлама және де құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Тіркеу органына жүгінген кәсіпкерлік субъектілері кей жағдайларда заң талаптарын сақтамағаны себепті мемлекеттік органмен бас тарту немесе мерзімін тоқтата тұру туралы бұйрық шығарылады, бұл өз кезегінде тараптардың арасында белгілі бір дау туындатуы мүмкін.

Қазақстан Республикасында азаматтар және ұйымдар , екінші жағынан мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар арасындағы даулар ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 29 тарауы «Мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу» арқылы реттеледі.

Қорыта келгенде, екі тараптың да қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтағаны жағдайында мемлекеттік орган мен кәсіпкерлік субъектілері арасында келіспеушіліктердің орын  алмайтынын ескеруіміз қажет.

 

 

А.Ш.Махамбетов, Алатау ауданы Әділет басқармасының басшысы

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x