Back
| DalaNews

Абай атындағы ҚазҰПУ басқарудың жаңа инновациялық үлгісіне көшуге дайындалуда

Таяуда Абай атындағы ҚазҰПУ-да университеттің 2018-2025 жылдарға арналған «Стратегиялық даму жоспарын» жүзеге асыру бойынша семинар-тренингтер өткізілді. Оны кәсіби менеджер, менеджмент бойынша зерттеуші және бизнес кеңесші Озат Байсеркеев жүргізді.

Іс-шараға университет ректоры Такир Балықбаев, проректорлар, құрылымдық бөлім басшылары, қызметкерлер мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Семинар-тренинг барысында Стратегиялық даму жоспарының басым бағыттары мен механизмдері талданып, тұтынушыға арналған құндылықтар, негізгі біліктілік, нарық пен салаға жасалған болжамдар, стратегиялық бағдарлар, корпоративтік мәдениет мәселелері қарастырылды.

| DalaNews

Оған қатысушылар Стратегиялық даму жоспары бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, басшылық, қызметкерлер мен профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін, жұмыс нәтижесін бағалау бойынша  арнайы тапсырмаларды орындады.

Стратегиялық даму жоспарының негізгі міндеттерінің бірі басқарудың жаңа үлгісіне көшу болып табылады. Бұл үлгінің негізгі мазмұны – Бейінді көшбасшылық (БК) және Көлденең циклдық ұйымдық құрылымды енгізу (КЦҰҚ).

Бейінді көшбасшылық бағыты бойынша оқу орны нарықтық және салалық даму жолында ұжым пікірімен санаса отырып, үнемі алға қарай ұмтылуы қажет. Бейінді көшбасшылық кезеңінде саланы дамыту, басқару, проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын іздестіру мәселесі, қызметкерлер мен бөлімшелердің әлеуетін барынша арттыру, барлық құрамды процеске жұмылдыру арқылы жүзеге асырылады. БК – идеяларды іздестіріп табу (бұл үшін жаңа идеяларды бірінші басшы жалғыз өзі ғана емес, барлығы іздестіру қажет) аса маңызды. БК енгізудің соңғы нәтижесі – кәсіпкерлік ұйымды (менеджерлер мен қызметкерлері өзіне тиімді жұмыс істейтін ұйымды) қалыптастыру болып табылады.

| DalaNews

Көлденең циклдық ұйымдық құрылым – компанияны ұйымдастырудың жаңа тәсілі, оған қарап оқу орнының қалай ұйымдастырылғанын анық көруге болады.

Басқарудың жаңа үлгісін енгізудің соңғы нәтижесі бюрократияны жою, басқару ісіне шын мәнінде бөлімдер мен олардың қызметкерлерін тартумен айқындалады. Осы үлгіні енгізуде күтілетін нәтижелер: Икемді және жедел басқару; Профессор-оқытушылар құрамы мен Әкімшілік басқарма қызметкерлерінің жұмысын бағалаудың тиімді жүйесі; ПОҚ және ӘБҚ-ы ынталандыратын еңбекақы төлеу жүйесі; Жұмысқа қабылдаудың тиімді жүйесі; Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды оқуға қабылдау; Басқаруға профессор-оқытушылар құрамын тарту. Жалпы, институттардың және университеттің басқа да бөлімшелерінің қарқынды ұйымдастырушылық және академиялық дамуын арттыру.

Бүгінгі таңда университетті тұтыну құндылығы төмендегідей жүйеленген:

«Біз ең озық әдістер мен бағдарламаларға сүйене отырып, ХХІ ғасырдың педагогын дайындаймыз. Біздің түлектер – қазіргі заманғы оқушылардың тез өзгеретін қажеттіліктерін болжай алуға дайын мамандар. Біздің корпоративтік мәдениетіміз бен инфрақұрылымымыз студенттердің барлық мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі».