Абай 175 жыл. Өскеменде жүзге жуық шара ұйымдастырылады

Dalanews 23 қаң. 2020 06:07 910

Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығында Абайдың 175 жылдығына орай 100-ге жуық шара ұйымдастырымақшы.  

Өскемендіктер Абайдың ұлы тойын алғашқылардың бірі болып бастады. Қала тұрғындары, студенттер, волонтерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері Республика алаңындағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақынның «Көзімнің қарасы» әнін әуелете шырқады.

– Ұлы ақынның 175 жылдығында той тойлап емес, ой ойлап, өрісімізді кеңейтіп, рухани санамызды жаңғыртуымыз керек. Өскемен қаласында мерейтойға орай жұмыс жоспары құрылып, комиссия құрамы бекітілген болатын.


Жыл көлемінде ұйымдастырылатын іс-шаралардың тізімін жасадық. Қала бойынша жалпы саны ірілі-ұсақты 100-ге жуық шара өткізіледі, – деді Өскемен қалалық мәдениет, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалқаман Сарин.

Талғатжан Мұхаметбекұлы

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар