Димаш Лара Фабианмен бірге ән салады

Dalanews 31 нау. 2017 16:13 259

Астанада EXPO кезінде шоу өткізуге қанша қаражат жұмсалады? Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін үлкен шоуына Лара Фабиан және Константин мен Валерий Меладзелер қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сілтеме жасап.

– "Димаш Құдайберген шақырады" концерті "Астана Арена" сахнасында 27 маусымда өтеді деп жоспарланған. "Біз қазір келіссөздерді белсенді жүргізіп жатырмыз, Лара Фабианмен және ағайынды Меладзелермен келісім бар, басқа қатысушылармен де келіссөз жүргізіп жатырмыз. Басты фигура – Димаш Құдайберген. Біз онымен қуана-қуана бірге ән салатын орындаушыларды шақырамыз. Меніңше, екі апта ішінде барлық техникалық мәселені реттейміз. Қарапайым ғана жеке концерт емес, үлкен шоу өткізгіміз келеді", – деді министр.

Оның айтуынша, билеттер сәуірдің ортасынан бастап сатылады.

– Жарықтандыру мен техникалық жабдыққа негізгі қаражат жұмсалады. Димаш Құдайберген елінің патриоты және мұндай өнер көрсетуімен қыруар ақша табуды көздемейді, – деп мәлімдеді Мұхамедиұлы.

Еске сала кетейік, кеше Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шыққан болатын. Бұл кезеңде қазақстандық әнші "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі де, сөзін Орал Байсеңгір жазған. Ал ертеңнен, яғни 1 сәуірден бастап байқауды қазақстандық телеарна көрсетеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x