Cоңғы жаңалықтар
Back

Берік Уәли қайтадан Президенттің баспасөз хатшысы болды

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды. 

Бұл туралы Ақорда хабарлады. Осыдан бірнеше күн бұрын бұл қызметке Нұрмұхамед Байғараев тағайындалған еді. Алайда ол денсаулығына байланысты қызметінен өз еркімен босатылды.