Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесті

Dalanews 24 мам. 2023 04:08 405

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Премьер-министрге және барша Италия халқына көңіл айтты.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Былтыр екі елдің өзара тауар айналымы 11 миллиард долларға жуықтады. Елдеріміз экономиканың түрлі саласында тығыз қарым-қатынас жасап келеді. Қазақстанда Италияның 270-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр.


Сондай-ақ мемлекеттер басшылары энергетика, көлік, өнеркәсіп кооперациясы және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x