Өскеменде мыңдаған студентке ауызашар берілді

Dalanews 21 сәу. 2022 16:42 367

Өскемендегі «Халифа Алтай» мешіті мен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мыңдаған студенттерге арнап ауызашар берілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz С.Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мыңдаған студенттер үшін дастархан басында мазмұнды әңгімелер айтылып, қасиетті Рамазан айының маңыздылығы мен рөлі туралы ақпарат берілді.

Өскемен өңірі бойынша бас имам Ермек қажы Мұқатай балаларға діни сауатты болуға, теріс ағымнан сақ болуға, сұрақтарды мамандарға жолдап, жауап алу қажеттігін жеткізді.

Құрметті қонақ «Халифа Алтай» мешіті мен Amanzholov University арасында жылдар аясында серіктестіктің берік іргесі қаланғанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, студенттерге мешітке көрсетіп жатқан көмектері үшін, әсіресе еріктілерге қозғалысына алғысын білдірді. Айта кетейік, жақын арада мешіт аумағында Amanzholov University аллеясы ашылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x