Украин елшісі қол ұшын созған қазақтарға алғысын айтты

Dalanews 28 ақп. 2022 16:57 252

Бірнеше күннен бері еліміздегі белсенді азаматтар Украина халқына арнап, дәрі-дәрмекке ақша жинауды бастаған-ды. Бұл бастама халық арасында айрықша қолдауға ие болып, көпшілік қолдан келген көмегін аямаған деп хабарлайды qaz.ulysmedia.kz

Бүгінде жиналған қаражаттың көлемі 50 млн теңгеден асып кетіпті. Мұны естіген еліміздегі Украина елшісі Петр Врублевский қазақ халқына алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

– Сенбі күні қазақтар Украинаға арнап жылу жинай бастағанын естідім. Таңертең ғана 2 млн теңге турасында әңгіме боп жатқан еді. Арада 15-20 минуттан кейін, әлгі сома өсіп, артынша оған сағат сайын 1 млн теңгеден қосылып, кешқұрым 10 млн теңге дейін жетті.

Ал бүгінге дейін 50 млн теңгеге дейін ақша жиналыпты. Адамдар өзіне қажетті дәрі-дәрмекті «Украинаға апарыңдар» деп тапсырып жатқанын да естідім. Осыны көрген кезде көзімнен жас шығып кетті, – дейді Петр Врублевский мырза.

https://youtu.be/IIx-3JIXn1Q

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x