Зайсанда өндірілетін сапалы өнім республика аумағында саудаланатын болды

Dalanews 20 желт. 2021 14:32 260

Әлемді жаулаған пандемия отандық тауарөндірушілердің жұмысына көптеген келтіруде. Осындай қиын кезеңде Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы жергілікті жердегі кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетіп келеді. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаевтың Зайсан ауданында ашылған  «Arnna Minerals» кәсіпорынының өндірген өнімдерін өткізуге қолдау көрсеткені біздің сөзімізге айқын мысал бола алады.  

Қайрат Мамырбаев Зайсан ауданына жасаған жұмыс сапарында «Arnna Minerals» мекемесіне барып, кәсіпорынның жұмысымен танысқан. Кәсіпорынның жер асты су көздерінен ауыз су өндіріп саудаға шығара бастағанына көп уақыт өте қойған-ды.

Кәсіпкерлер жобаға 1,65 млрд теңге жұмысап, 60 адамды тұрақты жұмыспен қамтығаны белгілі. Сапалы өнім шығару үшін кәсіпкер замануи құрал-жабдықтар ортанып, өндірісті табиғи газға қосыпты. Кәсіпорын тәулігіне 20-25 текше метр таза ауыз су шығаратын мүмкіндікке ие.  


Қазіргі таңда «Arnna Minerals» серіктестігінің Miglior деген атаумен шығатын газдалған және газдалмаған құтыдағы ауыз сулара облысқа танылған.

Өндіріс орыны сапалы өнім шығаруда қамшы салдырмайтыны анық. Ендігі мәселе сапалы өнімді саудалау ісі.

– «Arnna Minerals» серіктестігінің директоры Мәди Оралханов бұған дейін маған сауда көлемін арттыруға қатысты көмек сұрап келген еді. Біздер қазіргідей пандемия жағдайында кәсіпкерлерге қол ұшын беруге әрқашан дайынбыз. Осыдан кейін біздер Өскемен қаласындағы Metro супермаркеттер желісінің басшылығымен келіссөздер жүргізіп, «Arnna Minerals» компаниясының өнімдерін саудаға шығаруға көмектесуін өтіндік. Олар біздің ұсынысымызды бірден қабылдады. Тіпті, Metro супермаркеттер желісі тек Өскеменде ғана орналасқан дәнкендерінде ғана емес, республика бойынша Miglior суын саудаға шығаруға дайын екенін айтты. Бұдан кейін тараптар өзара келсіп, 2022 жылдың қаңтар айынан бастап Miglior суларан саудалауға уағдаласты, – дейді Қайрат Мамырбаев.

Осылайша ШҚО Кәсіпкерлік палатасы жергілікті жердегі шағын және орта бизнес өкілдерінің өнімін өткізіп, олардың табысқа жетуіне қолдан келген көмегін көрсетіп келеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x