Тәуелсіздік жылдары ШҚО тұрғындарының табысы 17 есеге өсіп

Dalanews 20 жел. 2021 15:04 849

Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Шығыс Қазақстан облысында барлық салада оң өзгерістер орын алып, өңір қарқынды экономикалық дамуға қол жеткізді. Тұрақты дамудың арқасында облыста кедейшілік деңгейі айтарлықтай төмендеп, көптеген жұмыс орындары айшылғаны белгілі. Дәл осындай игілікті істер ауыл халқын да айналып өткен жоқ, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Ресми деректерге назар аударсақ Тәуелсіздік жылдары Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының табысы 17 есеге өсіп, зейнетақы төлемдері он есе артқанын байқауға болады. Халықтың тұрмыс жағдайы жақсағаннан кейін тұрғындардың өмір сүру деңгейі 64 жастан 72 жасқа ұлғайған.

Осылайша мемлекеттік деңгейде қолға алынған шаралар халықтың тұрмысы мен денсаулығының жақсаруына тікелей ықпал етті.

Өңірде әлеуметтік жағдайдың жақсарғанын облыс аумағында жұмыссыздық деңгейінің төмендегенінен анық аңғаруға болады. Осылайша өңірде жұмыссыздық деңгейі 11 пайздан 4,8 пайызға дейін төмендеді.


Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген үлкен табыс десек артық айтқандық болмас еді. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында жұмыссыздық деңгейі еліміз бойынша ең төмен көрсеткішті құрайды.

Осы ретте «Еңбек» бағдарламасының Ерікті түрде қоныс аудару жобасы бойыншы соңғы жылдары жұмыс күші көп өңірлерден мыңдаған адамның қоныс аударып, ШҚО-ға тұрақтап қалғанын үлкен жетістікке балауға болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар