«Соғыс жалғасалды». Пашинян әкімдерге ерікті жасақ құруды тапсырды

Dalanews 22 қаз. 2020 05:05 287

Таулы Қарабақтағы жанжалды дипломатиялық шешім тоқтата алмайды. Осылай деп Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді.

– Бізді әрі қарайғы іс-әрекетіміз – бұл халықтың құқығы үшін соңына дейін күресу, – деп мәлімдеді Фейсбук парақшасы арқылы жүргізген тікелей эфирі кезінде. Пашинян елдің барлық әкімдерін қолына қару алуға дайын ерікті жасағын құруды тапсырды.

Әзірбайжан президентінің көмекшісі Хикмет Гаджиев Пашинянның бұл сөздері жанжалды бейбіт жолмен шешкісі келмейтінін білдіретінін айтты.

Армения президенті Армен Саркисян ресми сапармен Брюссельге барып, НАТО және Еуроодақ өкілдерімен кездескен. Ал Әзірбайжан және Мәскеу сыртқы істер министрлері Мәскеуге барды. Олар онда жеке-жеке Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті.

Әлем лидерлері екі елді соғысты тоқтатуға шақыруде. Бірақ Баку мен Ереван 21 қазанда соққы беруді жалғастыратынын хабарлады.


Қыркүйек айының соңынан бері өзін өзі жариялаған Таулы Қарабақта 800 сарбаз қайтыс болған. Әзірбайжан әзірге әскер шығынын жарияламай отыр.

Conflict Intelligence Team зерттеу тобы Әзірбайжан жақта сириялық жалданбалы адамдар соғысып жатқанын хабарлады. Баку мен Анкара мұны теріске шығарып келеді.

Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қарабақ дауы Совет Одағы кезінен жалғасып келеді. 1988 жылы басталып, 1994 жылы аяқталған соғыс кезінде 30 мыңға жуық адам қаза тапты, жүздеген мың адам босқынға айналды. Негізінен армяндар тұратын аймақ 1991 жылы Әзербайжаннан бөлініп шығатынын мәлімдеді, бірақ әлемнің ешқандай елі оны мойындамады. Халықаралық құқыққа сәйкес, Таулы Қарабақ – Әзербайжан жері.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x