«66 метрге ұшырып жіберген». Қабатовтың атына тіркелген жол талғамайтын көлік ер адамды қағып өлтірді (видео)

Dalanews 08 қаз. 2020 03:27 286

Қазақстандық әртіс, сықақшы Тұрсынбек Қабатовтың басы дауға қалды. Оның атына тіркелген көлік Теміртау – Нұра – Нұр-Сұлтан тас жолында ер адамды соғып өлтірген. Марқұмның туыстары кінәлілердің әлі де жазаланбағанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Көкшетау Азия" басылымына сілтеме жасап.

2019 жылғы 13 қазанда кешкі сағат 21:00 шамасында Теміртау – Нұра –Нұр-Сұлтан тас жолында, Ахмет Нұра ауылының аймағында 34 жастағы Ерлан Омарқұловты көлік қағып кетті, азамат оқиға орнында қаза тапқан.

Біраз уақыттан кейін қаза тапқан ер адамның туыстары ұлын қағып кеткен қара Лексустың қазақстандық шоу бизнестің жұлдызы, комик Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі екенін анықтаған.

Осы оқиғадан кейін әзілкеш өзінің Instagram парақшасында түсініктеме берді.

«Ассалаумағалейкум, қазақ елі. Армысыздар. Желіде, түрлі парақшаларда Тұрсынбек Қабатовтың көлігі адам қағып кетіпті деген ақпараттар тарап жатыр. Cондықтан шындықты өзім айтқанды жөн көріп отырмын. Үндемей отыра алмадым. Алла Тағала куә. Мен бұл істің басында болған емеспін. Бұл бір жыл бұрын 2019 жылдың қазан айында болған оқиға. Менің көмекшім, музыкантым кешке келіп, "бір жерге барып келейін" деп көлік сұрады. Ойымда ештеңе жоқ. Кілтті бере салдым. Жігіттер жағы түсінеді. Арты бұлай аяқталады деп ойлаған жоқпын.


Кейбір ақпарат беттерінде Тұрсынбектің жүргізушісі деп беріпті. Менің жүргізушім жоқ. Көлікті өзім басқарамын. Оның бұрын көлік жүргізуші куәлігін көргенмін. Сол уақытта құжатынан айырылып қалғанын білмейді екенмін. Ол да айтқан жоқ. Артынан осындай оқиғаның Қарағанды тас жолында болғанын естідім. Төбемнен жай түскендей болды. Оңай болған жоқ. Сұрастыра келе, марқұм өзі кінәлі екен. Кішкене ішкені бар. «Жолға жүгіріп шыққан» дейді. Қазір марқұмның артынан ештеңе айтқым келіп тұрған жоқ. Барлығы "делада" жазылды. Куәгерлер бар. Содан әлгі жігітке "қолыңмен істегенді мойныңмен көтер, мен араласпаймын" деп айттым. Біреулер Тұрсынбек шешіп тастады, ақша берді деп жатыр. Мен ешкімге хабарласқан жоқпын, бұл іске араласқан емеспін» депті.

Ал марқұмның анасы автомобиль иесінің танымалдылығы іске әсер еткеніне сенімді. Оның үстіне, ол прокурорға жазған шағымында іс тіпті өрескел процессуалдық бұзушылықтармен тоқтатылғанын көрсетті.

Жол-көлік оқиғасы кезінде Тұрсынбек Қабатовтың көлігін басқарған жүргізуші ретінде іс материалдары бойынша 25 жастағы жігіт өтіп жатыр, ол оқиғаға дейін жүргізуші куәлігінен айырылған, бұл, әрине, оған автокөліктің сақтандыру полисін жасауға кедергі келітрмеген, сақтандыру полистіне одан басқа Тұрсынбек Қабатов пен оның туған ағасы жазылған.

Жалғыз ұлынан айырылған марқұмның анасы Дажан Омарқұлова неліктен көпшіліктің сүйіктісі әлі күнге дейін жазаға тартылмағанын түсінбейді. Оның айтуынша, іс материалдарында Тұрсынбек Қабатов өз көлігін сеніп тапсырған адамның куәлігінен айырылғанын білген және автокөлік құралының иесі ретінде жауап беруі тиіс.

Прокурордың атына жасалған шағымда әйел тергеуші жәбірленуші тараптың қатысуынсыз тергеу жүргізгенін мәлімдеді. Оның үстіне, ол прокуратураның келісімінсіз, қылмыстық істі тоқтату туралы шешімнің бекітілуін күтпестен, айғақты заттарды – ұлының заттары мен аяқ киімдерін мерзімінен бұрын жойып жіберген.

Марқұмның анасына ешкім жазбаша хабар бермеген, ұлының заттарын алып кетуді айтпаған. Осылайша, оны көлік құралы қағып кеткен кезде адамның тұрғанын немесе жүріп келе жатқанын анықтайтын аяқ киім бойынша сот сараптамасын жүргізу мүмкіндігінен айырған.

Себебі, жүргізуші Даджан Омарқұлованың ұлы жолдың жүру бөлігінен өтіп кетті деп мәлімдеді, жапа шегушінің анасы оған сеніп отырған жоқ.

Даджан Омарқұлова өз мәлімдемесінде жүргізуші кінәсін басқа тұлғаға ауыстыруға тырысқанын және жаяу жүргіншіні тіркемесі бар көлік қағып, оны шамамен 25-30 метрге сүйреп апарғанын айтады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x